Қазақстанда коронавирус пен пневмониядан 52 адам қайтыс болды

Денсаулық сақтау министрлігінің 29 қыркүйектегі мәліметі бойынша, 61 490 адам коронавирус инфекциясынан (52 971+ және 8 519 КВИ–) емделіп жатыр, олардың ішінде 10 368 науқас стационарда, 51 122 науқас амбулаториялық деңгейде.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

  • 848 адамның жағдайы ауыр;
  • 207 науқастың жағдайы өте ауыр;
  • 126 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.
Коронавирус. Пневмония
Иллюстрация: @DenMinPR

Айта кетейік, Қазақстанда COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар саны азайып келеді. Өткен тәулікте 1 925 адамнан коронавирус анықталды.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да