Іле-Алатау ұлттық паркінен өрт шықты

26 қыркүйек 13:30 шамасында «Қазавиаорманқорғау» РМҚК бақылаушы ұшқышы Қаскелең орманшылығы 12 орамының 6 телімінде орман өртін анықтады.

Қазіргі уақытта өрт сөндіру жұмысына ұлттық парктен 60 адам, 10 техника, 1 арнайы өрт сөндіру машинасы, 4 атты адам және 3 мотоцикл, сонымен бірге «Қазавиаорманқорғау» РМҚК суағар құрылғысы бар МИ-8 тікұшағы, Алматы облысының ТЖД-дан 25 адам, ТЖМ №28237 азаматтық қорғаныс бөлімінен 50 адам (полк), 9 техника, оның ішінде 1 өрт сөндіру машинасы жұмылдырылды.

Қазіргі уақытта өрттің алдын ала аумағы − 5 гектар деп болжанып отыр. Оның ішінде 2 га орманмен көмкерілген. 28 қыркүйекте МИ-8 тікұшағы 4 рет су шашты. Сонымен қатар П1-00 сыртқы аспалы қондырғысынан стационарлық ыдысы бар су жеткізілді, − делінген хабарламада.

Қазіргі таңда орман өрті ор қазу және арнайы құрылғымен сөндіріліп жатыр.