Алексей Цой: Pfizer вакцинасы 12 жастан асқан балаларға ата-анасының келісімімен салынады

Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты.

Министрдің сөзіне қарағанда, Pfizer шығарған вакциналар осы жылдың 4-тоқсанында келеді. Жеткізудің нақты мерзімі жақында белгілі болады.

Pfizer вакцинасын жеткізу осы жылдың төртінші тоқсанында жоспарланған, кестелер компаниямен тексерілгеннен кейін біз нақты күндерді хабарлаймыз. Вакцина алуға тиіс тұрғындардың, атап айтқанда, жас санатына келсек, біріншіден, ҚР-да Pfizer компаниясы мәлімдеген тіркеу куәлігі мен нұсқаулықта 12 жастан асқан балалар мен жасөспірімдер көрсетілген, олар Pfizer вакцинасын ала алады, бұл ретте тек ерікті негізде және ата-аналарының келісімімен ала алады, — деді Алексей Цой.

Ведомство басшысы вакцина салдыруға тиіс балалардың жас параметрлері өзгеруі мүмкін екенін айтты.

Жастың өзгеруіне келсек, қазір осы клиникалық зерттеулер жүргізілген елдердің реттеушілері зерттеу мәліметтерін бекіткеннен кейін біз ресми ұсыныстар аламыз, мүмкін біз де осы тәсілдерді қарастырамыз. Қазіргі уақытта тіркеу куәлігіне сәйкес 12 жастағы және одан асқан балаларға вакцина алуға рұқсат бар, — деп түсіндірді министр.

Денсаулық сақтау министрлігі 5 жастан асқан балаларға вакцинаны қолдану бойынша Pfizer компаниясына сұраныс жолдаған, бұл туралы ресми ақпарат алғаннан кейін қосымша хабарланады.