Елімізде коронавирус пен пневмониядан 35 адам қайтыс болды

Денсаулық сақтау министрлігінің 27 қыркүйектегі мәліметі бойынша, 63 845 адам коронавирус инфекциясынан (55 042 КВИ+ және 8 803 КВИ-) емделіп жатыр, олардың ішінде 11 543 науқас стационарда, 52 302 науқас амбулаториялық деңгейде.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

  • 895 адамның жағдайы ауыр;
  • 222 науқастың жағдайы өте ауыр;
  • 142 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

Айта кетейік, Қазақстанда COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар саны азайып келеді. Өткен тәулікте 1 878 адамнан коронавирус анықталды.