Алматыдағы балалар уланған бассейннің әкімшілігі оқиғаның мән-жайын айтты

Бізде суды хлормен автоматты дезинфекциялау жүйесі істен шықты. Сол кезде синхронды жүзумен айналысатын қыздар тобы суда сабақ өткізіп жатқан. Бассейнде 17 адам болды, 5-10 минут ішінде жаттықтырушылар хлордың иісін сезген. Балаларды бірден судан шығарып, олар жөтеле бастағандықтан жедел жәрдем шақырылды, — деді бассейн желісінің менеджері Әлішер Нұрғожаев.

Оның айтуынша, жеті баланы дәрігерлер тексеріп, ата-анасымен үйіне жіберілген.

Ал қалған 10 қыз ауруханаға жеткізілді. Олармен ауруханаған бапкер барған, ол «жеті баланың жағдайы орташа ауыр, тағы үшеуінің жағдайы жеңіл» екенін айтты, — деді ол.

Бассейн желісінің менеджері Әлішер Нұрғожаев сонымен бірге дезинфекция жүйесіндегі ақау дереу анықталып, жойылғанын айтты.