Атырау облысының әкімі Бас мүфтиді қабылдады

Кездесу барысында елдегі діни ахуал, саланы сапалы кадрлармен қамтамасыз ету, ақпараттық бағыттағы насихат жұмыстары мәселелері талқыланды.

Облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов жат ағымдармен күрес өзекті мәселе екендігін атап өтті.

Теріс ағым жетегінде кеткендерді оңалту Атырау үшін күрделі мәселе болып қалып отыр. Осы ретте, профилактикалық бағыттағы жұмыстарды да күшейту қажет. Біз саланы сапалы, білікті кадрлармен қамтамасыз ету мәселесіне әркез қолдау білдіреміз, деді Махамбет Досмұхамбетов.

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы елдегі діни ахуалды жақсарту бағытында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы тарапынан оңалту бағытында кешенді жұмыстар атқарылып жатқанын айтты.