Нұр-Сұлтанда жылу беру маусымы қашан басталады?

Бұл туралы астана әкімдігінің баспасөз өызметі хабарлады.

Қаулыға сәйкес, 2021-2022 жылдардағы жылу беру маусымы Нұр-Сұлтанда 23 қыркүйектен басталады.

Еске салайық, астанада кейбір әлеуметтік нысандар өтініштер негізінде жылу беру жүйесіне қосылған болатын. Оның ішінде медициналық мекемелер, білім беру нысандары, балабақшалар және т.б. әлеуметтік нысандардың дайындығы — 100%.

Сонымен бірге елді мекендерді газдандыру, жылу электр орталықтарын жаңғырту, жылу электр орталығы су жылыту қазандықтарын газға ауыстыру жұмыстары жалғасып жатыр. Жеке сектор тұрғындары үшін қаланың барлық ауданында көмір сататын компаниялар белгіленді. Қатты отынды сатып алу кезінде дүрлігуге және алыпсатарлыққа жол бермес үшін қоймаларда жеткілікті қор көлемі бар.

Қала әкімі бұған дейін хабарлағандай, «Көктал-1», «Көктал-2», «Теміржолшылар», «Агроқалашық» елді мекендерінің тұрғындары газға қосылуға мүмкіндік алды. Биыл күзде Оңтүстік-Шығыс, Промышленный, Агроқалашық (қосылмаған бөлік) елді мекендерінің тұрғындары газға қосылу мүмкін.

Сондай-ақ, «ҚазТрансГаз Аймақ» акционерлік қоғамы Күйгенжар, Мичурино, Интернациональный елді мекендерінде газбен жабдықтау желілерінің құрылысын жүргізіліп отыр. Бұл елді мекендерді жыл соңына дейін газбен қамтамасыз ету жоспарланып отыр.