Алматыда «Барахолка» өртенді

Департаменттің мәліметі бойынша, өрт туралы хабарлама түскі сағат 12:14-те түскен.

Алматы ТЖД күштері мен құралдары жоғары дәрежелі шақырту бойынша Алатау ауданы, Солтүстік айналым, 34 «Қазына» сауда орнына жіберілді. Өрт сөндірушілер оқиға орнына 6 минутта жетті. Олар жалпы алаңы 120 шаршы метр аумағында материалдық құндылықтары бар бірнеше екі қабатты контейнердің жанып жатқанын анықтады. Өрттің жақын маңында орналасқан контейнерлерге көшу қаупі туындады, делінген хабарламада.

Оқиға орнында жедел штаб, 2 жауынгерлік учаске құрылды. 40 маман мен 14 бірлік техника жұмылдырылды. Жол полициясының күшімен жолды қоршау қамтамасыз етілді. Қабылданған шаралардың арқасында өрт 18 минутта сөндірілді.