Элизабет Тұрсынбаева спорттағы карьерасын аяқтады

Құрметті жанкүйерлер, кәсіпқой спортшы ретінде карьерамды аяқтамақпын. Бұл жаңалықты бөлісу қиын болып отыр… Көп адам арқам көптен бері мазалап жүргенін біледі. Амал не, мен бұл жарақатты соңына дейін жеңе алмадым, сондықтан толыққанды жаттығу мүмкін болмай қалды.⠀Мен үшін өмірімде бұл тараудың аяқталуы жаңасы басталғанын білдіреді, − деп жазды ол Instagram-дағы парақшасында.

21 жастағы спортшы қазір өзінің Қазақстанда екенін және жыл соңына дейін осында жұмыс істейтінін айтты.

Балаларға көмектесемін, шабыттандырамын және олармен өз тәжірибемді бөлісемін. Мен әрқашан өз елімде мәнерлеп сырғанауды дамытқым келген, ақыры осындай мүмкіндікке ие болдым, − деді Элизабет Тұрсынбаева.