Елімізде коронавирус пен пневмониядан 29 адам қайтыс болды

Денсаулық сақтау министрлігінің 21 қыркүйектегі мәліметі бойынша, 68 803 адам (60 242 КВИ+ және 8 561 КВИ-) короновирус инфекциясынан емделіп жатыр.

Олардың ішінде стационарда 12 381 науқас, амбулаторияда 56 422 науқас ем алып жатыр.

Коронавирус пен коронавирус пневмониясын жұқтырған 987 адамның жағдайы ауыр, 261 пациенттің жағдайы өте ауыр. 143 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр, делінген министрлік таратқан хабарламада.

Пневмония
Иллюстрация: DenMinPR

Айта кетейік, Қазақстанда коронавирус жұқтыру дерегі күннен-күнге саны азайып келеді. Елімізде өткен тәулікте 2 093 адамнан коронавирус анықталды.