Қазақстанда мұнай өнімдерін экспорттауға тыйым салынды

Бұйрық жобасын Сауда және интеграция, Ұлттық экономика, сонымен бірге Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрліктері дайындады.

«Қазақстан аумағынан мұнай өнімдерін экспорттаудың кейбір мәселелері туралы» бұйрықтың жобасы 1 қазанға дейін «Ашық НҚА» сайтында жария талқылау үшін жарияланған.

Көлік бактарында экспорттауды қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағынан автомобиль жолымен бензин, дизель отыны мен мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін шығаруға алты ай мерзімге тыйым салу енгізілсін, — делінген құжатта.

Бұйрықта мұнай өнімдерін шығару көлемі 20 литрден аспайтын контейнерлерде рұқсат бірілгені айтылған.

Қазақстанда мұнай өнімдерінің экспортына шектеу енгізу туралы сәуірде хабарланды. Тиісті шешім, Энергетика министрлігі мәліметінше, ішкі нарықта мұнай өнімдеріне тапшылықтың туындауына жол бермеу үшін қажет.