Елімізде коронавирус пен пневмониядан қанша адам қайтыс болды?

Денсаулық сақтау министрлігінің 18 қыркүйектегі мәліметі бойынша, 70 984 адам (67 432+ және 8 552 КВИ-)  короновирус инфекциясынан емделіп жатыр.

Олардың ішінде стационарда 13 087 науқас, амбулаторияда 57 897 науқас ем алып жатыр.

Коронавирус пен коронавирус пневмониясын жұқтырған 1 041 адамның жағдайы ауыр, 276 пациенттің жағдайы өте ауыр. 189 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр, – делінген министрлік таратқан хабарламада.

Пневмония. Статистика
Иллюстрация: DenMinPR

Айта кетейік, Қазақстанда коронавирус жұқтыру дерегі күннен-күнге саны азайып келеді. Елімізде өткен тәулікте 2 901 адамнан коронавирус анықталды.