Қазақстанда тағы 3 мыңға жуық адамнан коронавирус анықталды

Жаңа дерек бойынша Маңғыстау облысында аз тіркелді, өткен тәулікте 33 маңғыстаулықтан коронавирус инфекциясы анықталды.

Өңірлерде бір тәулікте коронавирус жұқтырғандар саны:

Нұр-Сұлтанда –  304;
Алматыда – 568;
Шымкентте – 96;
Ақмола облысында – 165;
Ақтөбе облысында – 210;
Алматы облысында – 264;
Атырау облысында – 98;
Шығыс Қазақстан облысында – 122;
Жамбыл облысында – 68;
Батыс Қазақстан облысында – 97;
Қарағанды облысында – 388;
Қостанай облысында – 131;
Қызылорда облысында – 48;
Маңғыстау облысында – 33;
Павлодар облысында – 202;
Солтүстік Қазақстан облысында – 67;
Түркістан облысында – 40.

Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 857 643-ке жетті, оның 784 541-і жазылып шықты.