Желіде оннан аса киіктің шұңқырдан шыға алмай тұрған видеосы таралды

Кеше, 15 қыркүйекте қазылған орға жұптұяқтылар құлап кеткен.  Кадрдан бір топ ақбөкеннің шұңқырдан шыға алмай, олардың бірі жараланғанын көруге болады.

Маңғыстаулықтар құтқарушылар келгенше, жануарларды ордан шығаруға көмектескен. Сөйтіп, жол техникасының көмегімен олар қазылған жердің бір бөлігін тегістеп, ақбөкендердің шығуына жағдай жасады.

Айта кетейік, ақбөкендер сиреп бара жатқан жануар ретінде Халықаралық қызыл кітапқа енгізілген. Қазақстанда ақбөкендер мемлекет бақылауына алынған. Сонымен бірге биыл заңмаға сәйкес ақбөкендермен суретке түсуге де тыйым салынды. Биологиялық алуан түрлілікті сақтау қауымдастығының мәліметінше, 2019 жылы жүргізілген әуе санағы бойынша елімізде небәрі 334 400 бас ақбөкен бар.