2021 жылғы шомылу маусымы кезінде қанша адам қайтыс болды?

Бұл туралы төтенше жағдайлар министрлігі азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің басқарма басшысы Қанат Тұрысбаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде мәлімдеді.

Биылғы шомылу маусымында Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары 328 адамды, оның ішінде 61 баланы құтқарды. Сонымен бірге, адамдардың судағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Төтенше жағдайлар министрлігі орталық және жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимыл жасай отырып, іс-шаралар кешенін өткізді. Биыл еліміз бойынша шомылуға рұқсат етілген 538 орын белгіленді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 93 орынға көп. Одан бөлек, жергілікті атқарушы органдармен және жеке меншік нысандармен бірлесіп 454 құтқару және 66 медициналық бекет құрылды. Және аса қауіпті учаскелерде 59 мобильді құтқару бекеті қойылды, — деді Қанат Тұрысбаев.

Оның айтуынша, суда шомылу қауіпсіздігі ережесі мен талапқа қарамастан өлім жағдайы тіркеліп отыр.

Су айдындарында 6 655 қауіпсіздік белгісі және 1 656 ақпарат тақта орнатылды, онда адамдардың қаза болу себептері мен оқиғаларға ықпал еткен жағдайлар жазылған. Біздің министрлік пен мемлекеттік органдар қабылдап жатқан шараларға қарамастан, шомылу маусымы кезеңінде су айдындарында қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтамаған 319 адам суға кетіп көз жұмды. Оның 95-і кәмелет жасына толмаған, — деді ол.