Басты бетЖаңалықтарВасилий Левитке...

Василий Левитке Олимпиада алтыны табысталды

Василий Левиттiң Рио Олимпиадасында күмiс медаль алғаны белгілі. Дегенмен, финалдық кездесуде ресейлiк боксшы Тищенкоға жеңiс «сыйлаған» судьялардың шешiмi көпшiлiктiң наразылығын тудырған болатын. Бұл жайт әлеуметтiк желiде де қызу талқыға түстi. Сол кезде «Халықтың сүйiктiсi» жобасының авторы әр ұйымдастырушысы Ғалым Байтоқ В.Левитке алтын медаль көшiрмесiн жасау үшiн қаржы жинау акциясын бастап кеткен едi.

«Әрине, мен бұл медальге өте қуаныштымын, бұл халықтың қалауы. Сондай-ақ, бұл үлкен жауапкершiлiк, мен бұл алтын медальдi маған артылған сенiм деп бiлемiн, ендi халық сенiмiн ақтау керек. Баршаңызға алғыс айтамын», — дедi боксшы В.Левит.

Айта кетейік, «Халықтың сүйiктiсi» жүлдесi 2011 жылдан берi танымал және қоғамдық белсендi азаматтар мен ұйымдарға табысталып келедi. Бүгiнгi финалдық кезеңге дейiн Facebook әлеуметтiк желiсi мен lubimec.kz ресми сайтында екi кезең бойынша дауыс берілді. Үмiткерлердi әлеуметтiк желi қолданушыларының ұсынуы жүлденiң ерекшелiгi болып табылады.

ДереккөзBaq.kz