Басты бетҚоғамРуслан Манатаев...

Руслан Манатаев ауыл шаруашылығы вице-министрі қызметінен босатылды

Қазақстан Үкіметінің қаулысымен Руслан Ерғалиұлы Манатаев ауыл шаруашылығы вице-министрі қызметінен босатылды, — делінген премьер-министрдің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Манатаев Руслан Ерғалиұлы 1984 жылы Қарағанды облысында дүниеге келген.

Рысқұлов атындағы Қазақ мемлекеттік экономикалық университетін, Тынышбаев атындағы Қазақ көлік және коммуникация академиясын, Назарбаев Университетін бітірген. Еңбек жолын 2005 жылы банкте кіші несие офицері болып бастаған.

2018-2020 жылдары «Транстелеком» акционерлік қоғамы АТ-шешімдер жөніндегі басқарушы директоры, телекоммуникациялар жөніндегі вице-президенті, басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарған.

2020 жылғы тамыз айынан бастап қазіргі уақытқа дейін Қазақстанның ауыл шаруашылығы вице-министрі болды.