Ведомство басшысы жыл сайын күзге қарай ЖРВИ мен тұмау өршитінін, сондықтан өзі бірінші болып тұмауға қарсы екпе салдырғанын атап өтті.
2019-2020 жылғы эпидемиялық маусымда ЖРВИ ауырған 431 120 адам тіркелді, оның ішінде 2 жарым мыңнан аса науқас зертханада анықталған тұмауға шалдыққан. Оның 284 033-і немесе 61,4 проценті 14 жасқа толмаған балалар. Биыл халықты вакциналау аса қажет, өйткені коронавирус пандемиясы кезінде тұмау да өршуі мүмкін, сол кезде елдегі жағдайды тұрақтандыру қиын болады. Сондықтан бұл жолы елімізде вакциналауды жылдағыдан екі апта бұрын бастаймыз. Қазақстан қауіпсіз, тиісті зертханалық сынақтардан және бақылаудан өткен, сапалы вакцина сатып алғанын көрсету үшін өзім бірінші болып екпе салдырдым, − деді Алексей Цой.
Алексей Цойдың айтуынша, биыл халықты вакциналау аса қажет. Өйткені коронавирус пандемиясы кезінде тұмау да өршуі мүмкін.
Биыл бірінші болып тұмауға қарсы екпе салдырғандардың бірі – денсаулық сақтау министрі Алексей Цой. Бүгін елімізде республикалық вакциналау науқаны басталды. Осыған орай ведомство басшысы Нұр-Сұлтандағы «№6 қалалық емханасы» ШЖҚ МКК барып, ресейлік «Гриппол+» вакцинасын салдырды, − делінген хабарламада.
Еске кетейік, биыл елімізде егу науқаны 15 қыркүйек пен 15 қараша аралығында өтеді.