Нұр-Сұлтанда 15 қыркүйекте тұмауға қарсы вакциналау басталады

Нұр-Сұлтандағы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов жыл сайын 15 қыркүйектен 15 қарашаға дейін республика бойынша азаматтардың алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету ұйымын еркін таңдау науқаны өтетінін айтты.

Сонымен қатар 15 қыркүйекте халықтың денсаулығын қорғауда аса маңызды іс-шара – тұмауға қарсы вакциналау басталады, − деді ол Нұр-Сұлтан әкімдігінде өткен баспасөз мәслихатында.

Тимур Мұратовтың айтуынша, АМСК ұйымдарына тіркеу амбулаториялық деңгейде медициналық көмек көрсету үшін негіз болып саналады және келесі принциптер бойынша жүзеге асырылады:

1) аумақтық қол жетімділік;

2) АМСК ұйымын еркін таңдау;

3) АМСК дәрігерін (жалпы тәжірибе дәрігері, учаскелік терапевт, учаскелік педиатр) еркін таңдау;

4) отбасылық қызмет алу.