Басты бетЖаңалықтарАлматы әкімі...

Алматы әкімі «Неделька» субұрқағы қалпына келтірілгенін айтты

Қала әкімі қоғамдық кеңістікті абаттандыру мен туристік әлеуетті дамыту шеңберінде «Неделька» субұрқағын қоса алғанда, Абай атындағы ҚҰАОБТ алдындағы алаңды жаңғырту жұмысы аяқталуға жақын екенін айтты.

Мұндағы басты міндет — тарихи сәулет ансамблін сақтай отырып, маңайды қалпына келтіру еді. Ол үшін шамдар, субұрқақ аркалары мен «абажур» қалпына келтірілді. Барлығы сол кезде түсірілген суреттегідей. Кіре-берістегі жойылған субұрқақ қалпына келтірілді. Жаңа келбетке ие болған кеңістік қала тұрғындарының көңілінен шығатынына күмәнім жоқ. Сонау 60-70 жылдардағы Алматының атмосферасын еске түсіреді, − деді Бақытжан Сағынтаев.

Сонымен бірге Бақытжан Сағынтаев негізі 2005 жылы қаланған Тұңғыш Президент қорының жанындағы скверді қайта құру жалғасып жатқанын еске салды.

Содан бері мұнда жөндеу жұмыстары жүргізілмеген екен. 80 орындық, қоқыс жәшігі және тұрғындардың өтінішімен санитарлық-гигиеналық торап орнатылады, − деп атап өтті қала басшысы.