Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қазан айының үшінші онкүндігінен бастап SCAT әуе компаниясы Алматы – Джидда және Алматы – Медина бағыттары бойынша аптасына бір рейспен ұшуды бастайды, — делінген хабарламада.
Сауд Арабиясына рейстердің одан әрі ұлғаюы эпидемиология жағдайына, Ведомствоаралық комиссияның және Сауд Арабиясының тиісті мемлекеттік органдарының шешімдеріне байланысты болады.
Рейстер бекітілген санитария-эпидемиология нормалары мен әуе компаниясының сайтында жарияланған кестеге сәйкес орындалады.