Ауғанстаннан Қазақстанға ​​35 қандас келді

ҚР Қорғаныс министрлігінің арнайы ұшағы Кабулдан Алматы әуежайына 41 жолаушымен ұшып келді, олардың ішінде Қазақстанның 4 азаматы, Қырғызстанның 1 азаматы және Қазақстанда тұрақты тұратын 1 ауған бар.

ұшақ, Ауғанстан
Фото Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен

Келген жолаушылар карантинге байланысты уақытша оқшауланады.

Эвакуациялық рейсті ұйымдастыру «Талибан» қозғалысымен үйлестіріліп жүзеге асырылды.

Қазақстанның Кабулдағы елшілігі қалыпты режимде жұмыс істейді және Ауғанстанда тұратын қандастармен тұрақты байланыста. Өтініш берушілердің этникалық сәйкестігін растау және қандастарды қайтару жұмыстары жалғасып жатыр, — делінген хабарламада.

18 тамызда Қазақстан Ауғанстаннан өзінің 25 азаматын және Қырғызстан, Ресей мен Литваның 16 азаматын эвакуациялады. Бұдан қоса, Алматыға Кабулдан Ауғанстанға көмек көрсету жөніндегі БҰҰ Миссиясы (UNAMA) және басқа да халықаралық ұйымдардың кеңселері уақытша көшірілді.

Тағы оқыңыз: «Өлтіруі мүмкін». Қазақстанда қалған ауған студентінің қорқынышы мен арманы