Екібастұзда комбинат директоры жалған құжаттар жасаумен айналысқан

Ер адам тергеу барысында оқу-курстық комбинаттардың бірінің директоры бола отырып, курстарды бітіргені туралы 5 білікті куәлік дайындаған. Одан әрі ақшалай сыйақы үшін акционерлік қоғамдардың бірінің қызметкерлеріне жалған құжаттар сатқан, – деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінде.

Айта кетейік, биыл басынан бері Павлодар облысының аумағында полицейлер жалған құжаттарды қолдан жасау, дайындау немесе өткізудің 76 фактісін анықтаған.