Серік Жұманғарин: Елімізде баспана арзандап жатыр

Биыл тұрғын үй бағасы орташа есеппен 9 процентке төмендеген. Мәселен, бір шаршы метрге 10 мыңнан 125 мың теңгеге дейін арзандап отыр.

Ал қайталама тұрғын үйлер бес пайыздан 1,1 процентке дейін арзандады, – деді агенттік басшысы Үкімет отырысында.

Бағаның төмендеуі Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент және Атырау қалаларында байқалған.

Сонымен бірге Серік Жұманғарин тапсырманы орындау барысында компаниялар тобы Алматыдағы бірқатар тұрғын үй кешенінің бағасын 15 процентке немесе шаршы метрі 90 мың теңгеге төмендеткенін жеткізді.

Тағы бір компания тұрғын үй кешендерінің бағасын бір шаршы метрге 20 мың теңгеге дейін төмендетті, Нұр-Сұлтан қаласының 51 тұрғын үй кешеніндегі бастапқы тұрғын үй бағасы орта есеппен сегіз процентке төмендеді.  Алматыда – 11 процент, Шымкентте – 3 процент, Атырауда – 4 процент. Басқа құрылыс салушылар да хабарландыруларды орындап, бағаны орта есеппен 15-20 процентке төмендетті, – деді Серік Жұманғарин.