Медицина тауарларының шекті бағасы қалай бекітіледі?

Премьер-министрдің сөзінше, ішкі нарықта бағасы өскен шикізат пен материалдарды экспортқа шығаруға шектеу енгізілді.

Азық-түліктен басқа тауарларға инфляция деңгейін тежеу жөніндегі шаралар аясында қажет болса, тапшылық орын алып отырған немесе ішкі нарықта бағасы өскен шикізат пен материалдарды экспортқа шығаруға шектеу енгізу көзделеді. Медицина қызметтерінің кешенді тарифтерін және бірқатар медицина тауарының шекті бағасын алдын ала бекіту қамтамасыз етіледі, — деді Асқар Мамин.

Сонымен бірге Асқар Мамин инфляция импорты жоғары өндірістерді ұлғайту жөнінде нақты шаралар қабылданатынын және құрылыс материалдары мен жеңіл өнеркәсіп өнімдері де бар екенін атап өтті.

Ақша-кредит саясатының аясында, инфляцияға қарсы шараларды іске асыруға, оның ішінде экономикадағы өтімділік көлемін бақылауды күшейту жолымен іске асыруға назар аударылады. Бұл шаралардың бәрі осы жылдың соңына дейін азық-түліктен басқа тауарлар мен ақылы қызметтердің бағасын жедел түрде тұрақтандырып, инфляцияның жалпы деңгейін бақылауға мүмкіндік береді, — деді үкімет басшысы.