Облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, «Opel Zafira» автокөлігінің 25 жастағы жүргізушісі рульге ие бола алмай, аударылған. Нәтижесінде, жолаушы ауруханада көз жұмды.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан 24 жастағы бойжеткен ауыр жарақат алып, аудандық ауруханаға жатқызылды. Бірақ дәрігерлер жолаушының өмірін сақтап қала алмады. Осы оқиға бойынша Қылмыстық кодекстің «Жол қозғалысы ережесін бұзу» бабымен іс қозғалды, – деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.
