Бас санитария дәрігерінің қаулысы күшіне енді

Қаулыға сәйкес 4 қыркүйектен бастап Ashyq қосымшасын қолданушылар демалыс күндері жұмыс істей алады. Қарапайым мүшелер – 00:00-ге дейін, Ashyq көшбасшылары – 02:00-ге дейін мәртебесі «жасыл» адамдарды ғана кіргізеді.

Ал 6 қыркүйектен бастап жұмыс күндері қарапайым Ashyq қосымшасының қатысушылары үшін жұмыс уақыты 00:00-ге дейін, Ashyq қосымшасының көшбасшылары үшін 02:00-ге дейін ұзартылады.

Бұған дейін, Алматының бас санитария дәрігері соңғы жеті күнде нәтижесі теріс ПТР-тесті бар немесе медициналық анықтамасы бар адамдарға «жасыл» мәртебе берілетінін мәлім етті.

Еске сала кетейік, Жандарбек Бекшин өзінің қаулысына сәйкес көптеген бизнес нысаны демалыс күндері «жасыл» мәртебесі бар келушілерге ашылатынын айтқан еді. Десе де, вакцина салдырмаған немесе жақын уақытта ауырмаған мәртебесі «көк» адамдар бұл нысандардың көбіне кіре алмайды.