Жандарбек Бекшин коронавирусқа қатысты жаңа болжам айтты

Жандарбек Бекшиннің сөзінше, қаладағы эпидемиология ахуалы бұрынғы болжамға тура келе жатыр.

Қыркүйектің басында 1 300 дерек болуы керек еді, болжам оқудың басталуымен сәйкес келді, бірақ балалар мен студенттер де оқуды бастағандықтан, ахуал өзгереді. Біз қыркүйекте 1 300 жағдайдан күніне 500-600 жағдайға дейін азаяды деп күтеміз. Қазанда жаңа мутацияланған штамм болмаса, 100-200 жағдайға дейін төмендейді деп күтіледі, — деді Жандарбек Бекшин.

Қазақстанда кейінгі тәулікте коронавирусты 4 930 адам жұқтырды. Алматыда инфекция 1 287 адамнан анықталды.

Еске салайық, кеше Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев  қалада эпидемиология ахуалы тұрақтанғанын айтты.