Алматыда 4 қыркүйектен бастап карантин шектеулері жеңілдейді

Құжатта қалада эпидемиология ахуалы тұрақтанғаны (коронавирус инфекциясымен жұқтырудың тұрақты төмендеуі, инфекциялық төсектердің толу көрсеткішінің төмендеуі, жедел жәрдем шақыру мен ауруханаға жатқызудың төмендеуі) байқалғаны жазылған.

Осыған байланысты бас мемлекеттік санитар дәрігер карантин шектеулерін жеңілдету туралы қаулы шығарды. 4 қыркүйектен бастап Ashyq қатысушылары демалыс күндері жұмыс істей алады.

6 қыркүйектен бастап Ashyq жобасына қатысатын барлық бизнес объектісі үшін жұмыс уақыты қазіргі 22.00-ден 00.00-ге дейін, Ashyq жобасы көшбасшылары үшін қазіргі 00.00-ден 02.00-ге дейін ұзартылады.

Қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді. Құжаттың толық мәтінін мына жерден оқуға болады.