Қазақстандағы оқ-дәрі қоймаларын арнайы комиссия тексереді

Ведомство өкілі Жамбыл облысы Байзақ ауданында болған оқиғадан кейін Қазақстан Қарулы Күштеріндегі оқ-дәрілердің барлық қоймаларын Қорғаныс министрлігі Бас инспекциясының бастығы генерал-лейтенант Әмір Халықов басшылық ететін комиссия тексеретінін жеткізді.

Сонымен қоса, қолданыстағы әскери қоймалар мен оқ-дәрі базаларының қауіпсіздігін күшейту үшін қосымша шаралар қабылданатынын атады.

Оқ-дәрілерді сақтау объектілерін жарылыс толқынының әсерінен тежеу үшін қорғаныс үйінділерімен, яғни төбелермен жоспарлы жабдықтау жүргізіледі. Жылда күн күркіреп, найзағай ойнайтын кезеңнің басында гарнизондардың аудандық пайдалану бөлімдерінің мамандары найзағайдан қорғау құрылғыларын тексереді. Құрылғылар ақауы анықталған жағдайда уақтылы жөнделеді. Оқ-дәрілері бар объектілер мұқият күзетіледі. Қоршау бойындағы аумақтың күзетілетін аумағы техникалық күзет құралдарымен жабдықталады. Сыртқы қоршаудың аумағы және айналасы өсімдіктерден тазартылады, − дейді Руслан Шпекбаев.

Бұдан бөлек, Руслан Шпекбаев Байзақ ауданындағы жарылыс кезінде оқ-дәрі қалдықтары әскери бөлімнің солтүстігіне қарай 200 метрге, оңтүстік бағытта 400 метрге ұшқанын айтты. Мәліметтерге сүйенсек, Батыс және шығыс бағыттарға қарай ұшқан бөлшектер табылған жоқ. Қазір жарылыс салдарын жою үшін 200-ден астам әскери қызметші, оның ішінде 80-нен астам сапер жұмыс істеп жатыр екен.