Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

Қазақстанда үй кезегінде тұрғандар үшін бастапқы жарна көлемі азаяды

Фото: Atameken Business Channel

Елімізде баспана кезегінде тұрған азаматтар үшін отбасы табысына байланысты жеңілдікпен несиелендіру бойынша мөлшерлеме жылдық 2-5% болады.

Үй кезегінде тұрған азаматтар «Отбасы банкінің» ипотекалық бағдарламалары бойынша бастапқа жарна көлемі баспана құнының 10 процентіне дейін төмендетіледі. Отбасы табысына байланысты жеңілдікпен несиелендіру бойынша мөлшерлеме жылдық 2% және 5% болады, — деді министр.

Қазақстанда үй кезегінде тұрғандар үшін бастапқы жарна көлемі азаяды

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов зейнетақы жинағындағы қаржыны «Отбасы банкіндегі» шотқа аударуға болатынын айтты.

Баспана жағдайын жақсартуға зейнетақы жинақтарын пайдалану туралы қағидаларға өзгерістер енгізіледі. Соған сәйкес, зейнетақы жинақтарының жеткілікті шегінен асатын бөлігін үй сатып алу үшін Отбасы банкіндегі шотына аударуға мүмкіндік беріледі, — деді ол.

Бейбіт Атамқұлов сонымен бірге құрылыс салушыларды қолдау мақсатында мемлекеттік-жекеменшік әріптестік және үлестік құрылыс әлеуетін пайдалану арқылы жобалық қаржыландыру тетігі енгізілетінін айтты.

Мақалаға реакция