Бердібек Сапарбаев қаза тапқандардың отбасына президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың және бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың атынан көңіл айтты.
Бердібек Сапарбаев марқұм әскери қызметшілер қызметтік міндеттерін орындау кезінде ерлікпен қаза тапқанын және олардың отбасына мемлекет тарапынан барлық қажетті көмек берілетінін жеткізді.
Марқұмдардың қызметтік міндеттерін атқару кезінде ерлікпен қаза тапқанын айрықша атап, олардың отбасына мемлекет тарапынан тиісті барлық көмек беріледі. Барлығының ерлігі лайық бағаланады, біздің жүрегімізде мәңгі сақталады, — деді облыс әкімі.
Еске салайық, 26 тамызда кешкі уақытта Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы әскери қоймада жарылыс болып, салдарынан 15 адам қаза тапты.
Қазақстан халқы 29 тамызда Жамбылдағы жарылыстан қаза тапқандарды аза тұтты.
Бұған дейін Жамбыл облысындағы жарылыс салдарынан қайтыс болғандардың отбасына 15 миллион теңгеден берілетіні хабарланды. Бұл туралы Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Талғат Шадиұлы айтты.