Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, жыл соңында дейін Қарулы күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарының қатарын 18-27 жас аралығындағы 17 мыңға жуық жас азамат толықтырады.
Жергілікті атқарушы органдар ҚР «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» заңына сәйкес, азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастырып, қамтамасыз етеді. Әскерге алынған күннен бастап 12 ай қызмет атқарған әскери қызметшілерді запасқа шығару да жоспарлы тәртіппен жүргізіледі.
Екінші жыл қатарынан әскерге шақыру науқаны пандемия жағдайында өтіп жатыр. Коронавирусты жұқтыру қаупін азайту үшін әскерге шақырылушыларды хабардар ету Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің 1414 қызметімен SMS-хабарламалар жіберу арқылы жүзеге асырылады.
Әскерге шақырылушыларды екі рет ПТР сараптама тапсырады.
Барлық сұрақ бойынша азаматтар электрон пошта немесе қорғаныс істері жөніндегі департаменттердің әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттары арқылы хабарласа алады. Сыбайлас жемқорлық көріністері туралы хабарламалар «Қарулы күштер – адалдық алаңы» жобалық кеңселерінде және сенім телефондары арқылы қабылданады, – деді Қарулы күштер бас штабы Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаментінің бастығы, полковник Сәкен Жүсіпов.
Еске салайық, өңірлердегі әскерге шақыру комиссияларын облыс, қала және аудан әкімдерінің орынбасарлары басқарады. Олар әскерге шақыру комиссиясының шешімімен немесе медицина мамандарының қорытындыларымен келіспеген азаматтардың өтініштерін қарайды.