Қазақстанда Pfizer вакцинасы уақытша тіркелді

Денсаулық сақтау министрлігінің хабарына қарағанда, 23 тамызда Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті сегіз ай мерзімге «Комирнати» вакцинасына уақытша тіркеу куәлігін берді.

«Комирнати» вакцинасы Pfizer және BionTech компаниялары бірге дайындаған. Вакцинаны қолдану жөніндегі нұсқаулықта препарат 12 жастан асқан ересектер мен жасөспірімдерге арналған деп көрсетілген.

Еске салайық, бұған дейін денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Pfizer вакцинасын ең әуелі жүкті әйелдер мен балаларға салдыратынын айтты.

Қазақстанда тіркелген коронавирусқа қарсы вакцинаның толық тізімін мына жерден көруге болады.