Паралимпиада: Қазақстандық суда жүзуден финалда бақ сынайды

Ержан Сәлімгереев 50 метрлік баттерфляй жарысында 33.14 нәтиже көрсетіп, тобында үшінші, ал жалпы есепте жетінші болып мәреге жетті. Енді ол финалда бақ сынайды. Ақтық сын жарысы Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 14:51-де көрсетіледі.

Еске сала кетейік, кеше пара дзюдошы Зарина Байбатина ел қоржынына төртінші медаль салды.