Басты бетҚоғамӘскери бөлімдегі өртті сөндіруге аттанған бірнеше қызметкер жоғалып кетті

Әскери бөлімдегі өртті сөндіруге аттанған бірнеше қызметкер жоғалып кетті

Бұл туралы төтенше жағдай министрі Юрий Ильин брифингіде айтты.

Байланысқа шықпаған бірнеше қызметкерді іздеу жұмыстары жалғасып жатыр, — деді министр.

Бұған дейін Төтенше жағдайлар министрлігі жарылыс пен өрт салдарынан 90-ға жуық адам зардап шеккенін хабарлады. Оның 49-ы – ТЖ департаментінің қызметкерлері.

Сондай-ақ Қорғаныс министрлігі қоймадағы жарылыстан алты әскери қызметкердің қаза болғанын мәлімдеді.

Қазіргі уақытта ауруханада 28 адам жатыр, оның алтауының жағдайы ауыр. Олардың барлығы дерлік әскери бөлімнің қызметкерлері.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да