Паралимпиада ойындарының 2 спортшысы коронавирус жұқтырды

Ұйымдастыру комитетінің ресми өкілі Жапонияда Паралимпиада ойындарының тағы екі қатысушысынан коронавирус табылғанын айтты. Осылайша, Параолимпиада ойындарында қауіпті індетті жұқтырушылардың саны 15-ке жетті. Олардың қатарында спортшылар мен ұйымдастырушылар да бар көрінеді.

Еске сала кетейік, дүбірлі дода қыркүйектің 5-іне дейін жалғасады. Сонымен бірге, бүгін Қазақстан атынан сынға түскен Давид Дегтярев қоржынға алғашқы алтынды салып, пауэрлифтингтен чемпион болды.