Алматылық студенттерге қандай талап қойылды?

2021-2022 оқу жылында барлық меншік нысанындағы және ведомстволық бағыныстағы білім беру ұйымдарында штаттық форматта оқуға рұқсат етілсін, – деп жазылған қаулыда.

Барлық меншік нысанындағы және ведомстволық бағыныстағы білім беру ұйымдарының басшыларына жаңа оқу жылында мынадай сақтық шараларын ұйымдастыру жүктелген:

ҚР Бас санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 29 тамыздағы №36 қаулысының 1,2 және 3- қосымшаларындағы талаптарында көзделген санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шараларды сақтауды;

– педагогтер мен персоналдың 100% вакциналануы (тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар адамдарды, COVID-19 ауырып сауыққан адамдарды сауыққаннан кейін 3 ай ішінде қоспағанда);

– ұйымға кіру кезінде Ashyq қосымшасын енгізу (педагогтарды, персоналды, ата-аналарды (заңды өкілдерді), 18 және одан жоғары жастағы білім алатын келушілерді QR-код (check-in) бойынша тіркеу);

– маска режимін сақтау;

– рециркуляторлардың, санитайзерлердің, тері антисептиктерінің, дезинфекциялау және жуу құралдарының жеткілікті санымен қамтамасыз ету;

– үй-жайларды жинау және дезинфекциялау жиілігін арттыру;

– үй-жайларды ылғалды жинау және дезинфекциялау, үй-жайлардың ауасын желдету және зарарсыздандыру режиміне қойылатын талаптарды сақтау;

– педагогтердің, персоналдың және білім алушылардың күнделікті «кіру» сүзгісі (байланыссыз термометрмен термометрия);

– бұқаралық іс-шараларды өткізуге тыйым салу (мәдени, тәрбие, сыныптан тыс және ата-аналар жиналыстары және т. б.);

– мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарында топтар мен сыныптарды біріктіре отырып іс-шаралар өткізуге тыйым салу;

– зертханалық, практикалық сабақтарды қоспағанда, кабинеттік оқыту жүйесін болдырмау;

– бастауыш, орта және жоғары сынып оқушыларын бөлек ұстау (сабақтың басталу уақыты бойынша ең жоғары мүмкіндікті ескере отырып) жағдайларында оқыту;

– асханадағы ауа рециркуляторларының қондырғыларымен қамтамасыз ете отырып, тамақтануды ұйымдастырудағы бақылауды күшейту.

Қол қойылған күннен бастап күшіне енген құжаттың толық мәтінімен мына жерден танысуға болады.