Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

Қазақстанда мұғалімдердің жалақысы қай өңірінде жоғары?

Фото: Айгүл Хожантаева/Baribar.kz

Сарапшылар өңір бойынша білім беру саласындағы қызметкерлердің басым бөлігі Алматы облысында екенін айтады. Өңірде 68,3 мың педагог бар.

Үштікке Алматы мен Шығыс Қазақстан облысы да енді. Білім беруде жұмыспен қамтылғандардың ең азы Атырау облысында екен, бар болғаны 14,2 мың адам.

2de89aa61f47d6630464beb2bc2442fc Қазақстанда мұғалімдердің жалақысы қай өңірінде жоғары?2021 жылдың екінші тоқсанында білім беру саласы қызметкерлерінің орташа айлық жалақысы 233,9 мың теңгеге жеткен. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 26,8% өскен.

a7c80ec7c925d2ee0f6ba84c89e4f238 Қазақстанда мұғалімдердің жалақысы қай өңірінде жоғары?Өңір бойынша ең көп жалақыны астанадағы білім беру саласының қызметкерлері алады екен — 350,8 мың теңге, былтырға қарағанда 17,6% өскен. Екінші және үшінші орында Маңғыстау облысы (268 мың теңге) және Алматы (265,5 мың теңге) орналасқан. Ең нашар көрсеткіштер Батыс Қазақстан облысында, мұнда ұстаздардың жалақысы 200,7 мың теңге, былтырға қарағанда 31,6% өскен.

a8d239ed1a3a81e32a8e64da12038ca7 Қазақстанда мұғалімдердің жалақысы қай өңірінде жоғары?Сарапшылар атап өткендей, 17 өңірдің тек 5-інде ғана жұмысшылардың жалақысы ел бойынша орташа жалақыдан асып түскен. Алдында атап өткен 3 өңірден басқа, бұл бестікке Қызылорда және Алматы облыстары да кірді.

2022 жылғы қаңтарда балабақшалар, мектептер мен колледж педагогтерінің жалақысы тағы 25% өседі. Сонымен бірге 2021 жылдың қыркүйегінен бастап педагогтарды жұмысқа қабылдау жүйесі өзгереді және білім беру ұйымдарының директорларын тағайындаудың жаңа жүйесі енгізілілмек.