«Хабар 24» телеарнасының журналисі Ақбөпе Тәңірбергенмен болған оқиғаға байланысты Алатау ауданының әкімдігі келесіні хабарлайды.
Қолданыстағы карантин шектеулерге байланысты Алатау ауданы әкімдігінің ғимаратына кіру шектелген және Ashyq қосымшасы бойынша жүзеге асырылады. Журналист Ақбөпе Тәңірберген оператормен бірге ғимаратқа қосымшадағы өз статусын сканерлемей, турникеттің астымен өткен, бұл туралы тиісті бейнежазба бар. БАҚ өкілдері күзет қызметі қызметкерлерінің ескертулеріне жауап бермей, жанжалды жағдайды туындатты, — делінген хабарламада.
Алатау ауданының әкімдігі күзет қызметі қызметкерінің әрекетін қолайсыз екенін ресми түрде мәлімдеді.
Бұл әрекеттері үшін қызметтік тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Нәтижелері бойынша оларды жауапкершілікке тарту мәселесі қарастырылады. Сонымен бірге әкімдік БАҚ өкілдерімен конструктив негізде жұмыс істеу үшін ашық және өз құзыреті шеңберінде қызығушылық танытқан ақпаратқа қол жеткізуге дайын екенін атап өтеді. Аудан әкімі журналистерге сұхбат беруге дайын, — делінген хабарламада.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Айта кетейік, кеше әлеуметтік желіде күзетшінің журналисті көтеріп, ғимараттан шығарып жіберген видеосы тараған еді. Журналист Ақбөпе Тәңірберген осы оқиғадан кейін жағдайының жақсы екенін және арыз жазғанын хабарлады.
Телеарна да журналистің кәсіби қызметіне кедергі келтіргендерге қатысты шағым дайындап жатыр. Бұл туралы «Хабар 24» телеарнасының директоры Алена Горбачева Facebook-те хабарлады.