Алматыда күзетші журналисті әкімдіктен көтеріп шығарып тастады

Видеодан журналистің ғимараттың бірінші қабатындағы лифтіге кіргелі жатқанын көруге болады.

Алайда күзетші оның кіруіне кедергі жасап, әкімдік ғимаратынан көтеріп шығарды.

«Сен — әкімдік пен халық арасындағы көпірсің» дедіңіздер. Мен желпілдеп, жетіп бардым. Әкімдік болса, сіздердің көпірлеріңізді далаға лақтырып жіберді. Бітті. Алматы қаласы Алатау ауданындағы әкімдіктен мәңгі естелік, — деп жазды Ақбөпе Тәңірберген Instagram-дағы парақшасында.

Журналист осы оқиғадан кейін жағдайының жақсы екенін және арыз жазғанын хабарлады.

Скрин Ақбөпе Тәңірбергеннің Instagram-дағы сторисінен

Телеарна да журналистің кәсіби қызметіне кедергі келтіргендерге қатысты шағым дайындап жатыр. Бұл туралы «Хабар 24» телеарнасының директоры Алена Горбачева Facebook-те хабарлады.

Жазба скрині

Ал бұған қатысы Алматы әкімдігі де, Алатау ауданы әкімдігі де әзірше ресми жауап берген жоқ.