Солтүстік Қазақстанда 11 жастағы бала суға батып кетті

Мекеме басшысының айтуынша, бала өзенге ересектерсіз барып, балық аулаған. Баланың жансыз денесін жергілікті тұрғындар судан алып шығыпты. Ол жерде жүзуге я болмаса, балық аулуға ресми түрде тыйым салынған. Алайда ересектердің салғырттығынан осындай қайғылы жағдай болып отыр.

Кейінгі сегіз жылда облыс бойынша 33 бала көз жұмды. Негізгі себеп – тыйым салынған жерде шомылу. Биыл жаз ыстық болды. Адамдар әлі күнге дейін өзендерді аралауда. Бірақ түнде судың температурасы 13-15 градусқа дейін төмендейді. Дененің күрт салқындауы кезінде суда өлу қаупі әлдеқайда артады, – деді басқарма басшысы.

Айта кетерлігі, биыл шомылу маусымында өңірде 21 адам, оның ішінде 6 бала суға кеткен. Былтыр осы іспетті жағдай қайталанып, 9 адам көз жұмған.