Токиода XVI Паралимпиада ойындарының салтанатты ашылу рәсімі басталды

Барша жаһан күткен дүбірлі дода 24 тамыз және 5 қыркүйек аралығында өткізіледі. Айтулы жарыста еліміздің атынан 26 спортшы спорттың 7 түрінен бақ сынайды. Дзюдодан – 7, суға жүзуден – 7, пауэрлифтингтен – 5, таеквондодан – 3 және каноэде ескек есу мен оқ атудан – екі-екіден спортшылар қатысады.

Дәл қазір Жапония ұлттық стадионында өтіп жатқан салтанатты ашылу рәсімінде еліміздің Туын таеквондодан екі дүркін Әлем чемпионы, Азия және Еуропа чемпионаттарында үздіктер қатарынан көрінген Нұрлан Домбаев пен пауэрлифтингтен Рио Паралимпиадасының күміс жүлдегері Раушан Қойшыбаева ұстап шығады. Мінберлі жарыста дүниежүзінің 136 мемлекетінен келген 4400-ге жуық спортшы 22 спорт түрінен сынға түспек. Еске сала кетейік, XVI Паралимпиада ойындары «Qazsport» телеарнасының тікелей эфирінен көрсетіледі.