Нұр-Сұлтан − Лондон әуе рейсі қайта жанданады

Air Astana әуе компаниясының хабарлауынша, ұшақтар аптасына екі рет – сәрсенбі және сенбі күндері ұшады.

Жолаушыларды A321LR алыс магистральды әуе лайнері тасымалдайды. Лондонға ұшу ұзақтығы 7 сағат 15 минут, кері рейс 6 сағат 30 минутқа созылады.

Әуе билеттерін airastana.com сайты арқылы және сату кеңселерінде, ақпарат және брондау орталығында, сондай-ақ әуекомпания мен Халықаралық әуе көлігі қауымдастығы аккредиттеген агенттіктерде брондауға болады.

Билет құны барлық алымды есептегенде екі жаққа 284 535 теңгеден басталады.