Бүгінде 1710 науқас амбулаторлық ем алса, оның 79 пайызында ауру жеңіл өтіп жатыр. Ал 8 пайызының жағдайы орташа болса, 13 пайызының симптомы жоқ.
Басқарма басшысының дерегінше, кейінгі тәулікте облыстық жедел жәрдем стансасына 895 қоңырау шалынса, соның 112-сі ковидке байланысты болды. Күні бүгін өңірде 1459 төсектік 20 инфекциялық стационарда 646 адам емделсе, 38 науқас стационарға жатқызылды. Ауруханалардың 44,2 пайызы толған. Облыс бойынша тек 189 872 адам вакцинаның бірінші, 147 967-сі екінші компонентін салдырды.
16 және 19 тамыз аралығында облысқа қытайлық Sinopharm фармокологиялық компаниясының 30 мың доза (17500-і – І, 12500-і – ІІ компонент) Vero Cell вакцинасы жеткізілді. Бұған қоса тағы 5 мың доза қытайлық вакцина (ІІ компоненті) әкелінбек. Күні бүгінге дейін бұл вакцинаның бірінші компонентін 1064 тұрғын алып үлгерді. Бұл –Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен қауіпсіз әрі тиімді деп танылған алғашқы қытайлық препарат, бүгінде әлемнің 45 елінде аталған вакцинамен ересек тұрғындарды егуге рұқсат етілген. Қазіргі таңда бұл вакцина Қытайдан бөлек, Біріккен Араб Әмірліктері мен Сербияда өндіріледі. Сонымен қатар Қытай мен БАӘ қытайлық Sinopharm фармокологиялық компаниясының белсенділігі жойылған вакцинасын 3-17 жас аралығындағы балаларға шұғыл егуді қолдап отыр, − деді А.Қалибеков.
