CІМ: Қазақстан «Талибан» қозғалысын ресми түрде мойындамады

Бұл туралы Қазақстанның  сыртқы істер вице-министрі Ақан Рахметуллин мәлімдеді.

Кабулдағы біздің елшіліктің мәліметінше, тәлібтер Кабулды басып алған уақытта кейбіреулері біздің елшілік орналасқан ғимаратқа кірген. Бізді елші сыртқа шығып, олармен сөйлескен. Олар: «Кімсіздер? Қандай елшілік?» деп сұраған. Біздікілер бұл Қазақстанның елшілігі деп жауап берген. Олар: «Қорықпай жұмыс жасай беріңдер сендер біздің қорғауымыздасыздар», — деп жауап берегн. Содан бері олар біздің елшілікті күзетіп отыр, — деді Ақан Рахметуллин.

Вице-министр сонымен бірге Қазақстан әлі тәлібтерді мойындамағанын айтты.

Біз ешбір ел тәліптермен дипломатиялық қарым — қатынасты мойындады немесе орнатты деп айта алмаймыз — бәрі талибтердің әрекеттері олардың мәлімдемелеріне сәйкес келетінін және олардың келіссөзге қаншалықты бейім екенін бақылап отыр, — деді ол.