Алматыда теміржолшыны өлтірмек болған күдікті ұсталды

Мәліметтерге сәйкес, 26 шілдеде Көліктегі Полиция департаментінің Алматы-1 стансасындағы желілік полиция басқармасының кезекші бөліміне Н. деген ер адамға шабуыл жасалғаны, салдарынан ол оқтан жарақаттанғаны туралы хабарлама келіп түсті.

Жүргізілген жедел-іздестіру шаралары барысында күдікті анықталып, ізін суытпай ұсталды. «Наган» револьвері тәркіленді, − деді полиция генерал-майоры.

Бұл факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Еске сала кетейік, бүгін түнде Сәтбаев қаласының 41 жастағы тұрғынын белгісіз біреу атыс қаруын қолданып өлтіріп кетті.