Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

Алматыда троллейбустардың қозғалыс бағыты өзгерді

Фото: Facebook.com/sagintayev.b

Алматы метрополитенінің «Достық» станциясындағы құрылыс жұмыстарға байланысты 20 тамызда сағат 23.00-ден 1 қыркүйекке дейін №6 және №25 троллейбустар маршруттарының бағытына өзгеріс енгізіледі, — делінген хабарламада.

Енді №6 маршрут троллейбустарының қозғалысы Шаляпин көшесімен батыс бағытта, Сайын көшесімен солтүстік бағытта, Жұбанов көшесімен батыс бағытта, Момышұлы көшесімен солтүстік бағытта және одан әрі бағыт бойынша жүзеге асырылады.

Ал №25 маршрут троллейбустарының қозғалысы Абай даңғылымен батыс бағытта, Сайын көшесімен солтүстік бағытта, Жұбанов көшесімен батыс бағытта, Момышұлы көшесінің бойымен солтүстік бағытта Қабдолов көшесіне дейін және одан әрі бағыт бойынша жүзеге асырылады.

Мақалаға реакция