Таразда бос тұрған көпқабатты тұрғын үй өртенді

Жамбыл облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің жедел басқару орталығына ғимараттың өртенгені туралы хабарлама келіп түскен. Оқиға орнына Тараз қалалық өртке қарсы қызмет гарнизонының күштері мен құралдары жедел жетті.

Бірінші бөлімше өрт болған алған аймаққа шұғыл жетті. Өрт аумағы 200 шаршы метрді құраған. Өрт сөндірушілер 46 минут ішінде өртті сөндірді. Зардап шеккендер жоқ. Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі және келтірілген материалдық залалы анықталып жатыр, делінген ведомство хабарламасында.