Қазақстан үкіметі 2015 жылдың 30 желтоқсанында жекешелендіруге жататын компаниялардың тізімін нақтылады. Олардың ішінде «Қазатомпром», «ҚазМұнайГаз», «Қазпошта», «Эйр Астана», «Qazaq Air» және «Қазақтелеком» ұлттық компаниялары бар. Сонымен бірге тізімге Ақтау халықаралық теңіз порты және «ҚазАгро» холдингі, KEGOC, «Қорғас», ҚТЖ, Қазкосмос пен Астана, Қостанай, Петропавл және Қызылорда т.б. компаниялары кірген.
Үкімет қаулысы 6 қаңтарда ұлттық экономика министрлігінің сайтында жарияланды.
Сатуға қойған кәсіпорындардың ішінде «СК-Фармация» ЖШС, «Самұрық-Энергия», «Қазақстан инжиниринг» ұлттық компаниялары мен ІІМ-нің бірқатар демалыс орны, Қазақфильм киностудиясы, «Бөбек» сауықтыру орталығы мен «Думан» ойын-сауық кешені бар.